Түркістан облысында 947 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

  • 7
  • 15.03.2026, 19:09

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның 65-і облыс орталығында. Халқы тығыз орналасқан өңірде тұрғындардың белсенділігі ерекше байқалады. 1 млн 200 мыңға жуық азамат дауыс беру құқына ие.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Дауыс беру учаскелерінде таңнан бері халық қарасы үзілмеді. Жастар бастап, ұлттық киім киген ақ жаулықты әжелер қоштап, өз таңдауын жасады. Түрлі сала өкілдерін айтпағанда, түйе мініп, тұлпар тақымдаған көкпаршылар дауыс берді. Олардан бөлек, «Тұран» футбол командасының ойыншылары, әскерилер, театр ұжымдары, робот трансформер және ертегі кейіпкерлерінің киімімен келгендерді де көрдік. Біз қазір Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет үйінде орналасқан №133дауыс беру учаскесінде тұрмыз. Мұнда 2334 адам тіркелген. Дауыс берушілер арасында орта жастағы азаматтардың қарасы қалың. Байқағанымыздай, жергілікті тұрғындардың көпшілігі түске дейін келіп, өз таңдауларын жасап кетті. Сондай-ақ мұнда Наурыз мерекесіне орай дауыс берушілер арасында арқан тартыс, асық ату, қол күресі секілді ұлттық ойындар да көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Біз дауыс беру науқанының қалай өткені жайында учаске төрағасының жазып алған едік, зер салайық.

Өңірдегі саяси науқанға барлығы 6 мыңнан астам комиссия мүшесі тартылды. Байқаушылар дауыс беру процесінің талапқа сай өтуін қадағалап, учаскелердегі ұйымдастыру жұмыстарының заң аясында жүргізілуін бақылауда ұстады.