«Белсенділік жоғары». Қырғызстан ОСК төрағасы референдум жайлы айтты

  • 7
  • 15.03.2026, 19:13

Елімізде өтіп жатқан саяси науқан барысын халықаралық байқаушылар қадағалап отыр. Тек көрші қырғыз елінен 18 өкіл келген. Олардың басым бөлігі шекаралас өңірлердегі облыстардың аумағында қызмет етіп жатса, елордаға 6 байқаушы жіберген. Олар бірнеше учаскеде болып, референдумның өту барысын бақылауда. Айтуларынша, тұрғындардың келіп таңдау жасауы олардың саяси белсенділігін білдіреді. 

Тынчтык Шайназаров, Халықаралық байқаушы, Қырғыз Республикасы Референдумдарды өткізу және сайлау жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы:

- Келушілердің белсенділігі байқалады. Мұнда тіркелген дауыс берушілердің қанша пайызы таңдау жасағаны кешкісін белгілі болар. Сол кезде нақты бір қорытынды жасауға болады деп ойлаймын. Бірақ адамдардың көңіл күйі жақсы, мерекенің нышаны білінеді. Кез келген ел үшін халық шешімі маңызды.