Байқаушы: Референдум ашық әрі заңды өтті

  • 8
  • 16.03.2026, 21:35

Республикалық референдум күні еліміз бойынша 359 халықаралық байқаушы  дауыс беру барысын қадағалады. Соның ішінде Түркия мен Қырғыз елінің байқаушылары да бар. Олар Алматыдағы референдум учаскелерінің жұмысы туралы арнайы брифинг берді. Оң бағасын берді. Байқаушыларға референдумды ұйымдастыру деңгейі, дауыс берушілердің креативті идеялары ұнаған.

Түркия республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Махмут Өзер: «Кешегі референдум ашық әрі заң аясында өтті», - дейді. ТМД-ның байқаушылар миссиясы құрамындағы қырғыз елінің өкілдері де: «Тәртіп бұзу дерегі тіркелген жоқ», - дейді.

Махмут Өзер, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты:

- Біздің әрбір байқаушымыз таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істеді. Алматыдағы 10 референдум учаскесін аралап, процестің белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асып жатқанына бақылау жүргізді. Ешқандай заңбұзушылық болмады, дауыс беру ашық әрі заңды өтті. 

Турусбек Ногоев, Қырғыз Республикасы Сайлау және референдум жөніндегі комиссияның арнайы өкілі:

- Біз Алматы қаласының екі ауданындағы 11 референдум учаскесінде болдық. Дауыс берушілердің белсенділігі жақсы болды. Ешқандай ірі заңбұзушылықтарды байқаған жоқпыз.