Ақтөбедегі дөңгелек үстел: салықтағы өзгерістер талқыланды

  • 6
  • 01.04.2026, 21:46

Сенат депутаттары Ақтөбеге барып, өңірдегі сала мамандарымен жаңа Салық кодексін талқылауға арналған дөңгелек үстелде бас қосты. Олардың айтуынша, салық ережелерін үнемі пысықтап, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға назар аудару керек. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат - қосылған құн салығы жөнінде бизнесті алаңдатқан мәселелерді көтеріп, жаңа мөлшерлемені есептеудің тетігін қарастыру. Мамандардың айтуынша, жаңа Салық кодексі қарапайым, ашық және әділетті жүйе қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ есеп-қисап қысқарып, цифрлық шешімдерді енгізу арқылы әкімшілік рәсімдер жеңілдетілген.

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Арнаулы экономикалық аймақтар бойынша жеңілдіктер берілген. Салық, жер түрінен. Сол себепті толық талдау жұмыстарын өткізіп, біз осыған нақты ұсыныс енгізуіміз қажет. Қай аймақта қандай жобалар іске асып жатыр. Себебі мемлекет тарапынан 500 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Неге? Ол сыртқы инфраструктура, свет, газ, жол сынды мәселелер.