Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес күшейеді

  • 7
  • 01.04.2026, 21:44

Енді құзырлы орындар аталған қауіпті құбылыстың салдары ғана емес, себептерімен күресуге күш салады. Құжат, экстремизм идеологиясының таралу себептерін анықтау, зерделеу және оны жою туралы арнайы міндетті қарастырып отыр. Енді экстремистік және террористік материалдарды тарату былай тұрсын, сақтауға тыйым салынады. Бұл ретте қауіпсіздік органдарына қосымша өкілеттіктер берілмек. Сол секілді мемлекеттік құпияларды қорғау деңгейін төмендету Ұлттық қауіпсіздікке қауіп ретінде бағаланады. Арнаулы мемлекеттік органдардың жедел бөлімшелеріне қызметке қабылдау кезінде жас шектеулерін алып тастауға қатысты норма көзделген. Сондай-ақ курсанттар, тыңдаушылар және кадеттер оқуды аяқтамаса немесе оқудан шығарылса, оқытуға жұмсалған қаражатты олардан өндіріп алу тәртібін жеңілдету ұсынылып отыр. Мәжіліс «Арнаулы мемлекеттік органдарының қызметіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Еліміздегі балабақшаларда жеткілікті орын болмауына байланысты жеке балабақшаларды ашу кеңінен тараған үрдіс. Еліміздің Батыс өңірлерінде көптеген діни топ өкілдері

Алмас Наймантаев, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары:

-Қоғамдық қауіпсіздік өздеріңіз білетіндей құқықтық тәртіпке негізделеді. Құқықтық тәртіп алдын алу шараларынан басталатынын және білесіздер. Ал алдын алу шаралары мектеп пен балабақшадан басталатыны бәріңізге аян. Аталған міндет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің де құзыретіне кіреді. Бізде бұл мәселе бойынша барлық деңгейдегі штабтардың үйлестіру кеңесінде тиісінше сәйкес шаралар мен оны іске асыру жүйесі түзіледі.