Баспаналар жаңадан құрылған «Шапағат» шағын ауданынан бой көтермек. Құрылысқа республикалық қазынадан 28 миллиард теңге бөлінген. Мердігерлер: «Қажетті материалдарының 70% отандық өндірушілерден алып жатырмыз»,- дейді. Биыл Таразда 150 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Олар пәтер кезегіндегі әлеуметтік осал топтағылар мен мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлерге төмен пайызбен беріледі.
Дамир Жаманбаев, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:
-Бұл пәтердердің барлығының кейін құрылысын аяқтап болғаннан кейін Отбасы банкіне өткіземіз.Енді қазір бізде Тараз қаласы бойынша 30 мыңға жуық тұрғындар бар кезекте тұрған. Жалпы осы қазіргі біз құрылысын аяқтап берілетін үйлердің барлығы халықтың игілігіне берілетін болады. Жалпы кезектегілер саны азаятын болады.