Қызылорда облысында су құбыры жаңғыртылады

  • 9
  • 08.04.2026, 21:49

Қызылорда облысында 160 мың тұрғынды ауызсумен қамтып отырған Арал-Сарбұлақ су құбыры тозған. Ұзындығы 234 шақырымдық жүйе Арал мен Қазалыдағы 65 елді мекенді тіршілік нәрімен қамтып отыр. 40 жылға жуық уақыт пайдаланылған құбырдың тозуы 80 пайыздан асқан. Салдарынан апат жиілеген. Қазір нысанды жаңғырту басталды. Былтыр 23 шақырым құбыр тартылды. Биыл тағы 10 шақырым салынған. Жоба 2029 жылға дейін жалғасады.

Бауыржан Ізмағамбетов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы ретте мәселені шешу мақсатында қолданыстағы су құбырының қасына түсетін бұл екінші нитка дейміз ғой, екінші желі болып табылады және су құбырының сапасы әлдеқайда біршама жоғары болады.