Семейдегі «Бейбітшілік» аралының аумағын су басты. Қала тұрғындары үшін серуендеп, денсаулығын шыңдайтын маңызды орын қазір уақытша қолжетімсіз болып отыр. Бұл Шүлбі су электр станциясынан жоспарлы түрде су жіберілуіне байланысты.
Ертіс бассейндік инспекциясының мәліметінше, су деңгейі 435 сантиметрге дейін көтерілген. Дегенмен мамандар бұл көрсеткіштің қалыпты екенін айтты. Қазіргі таңда су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Сала мамандарының айтуынша, «Денсаулық соқпағының» су астында қалуы жыл сайын қайталанатын табиғи құбылыс.
Медет Жәдігерұлы, Ертіс бассейіндік су инспекциясының басшысы:
- Семей қаласындағы Бейбітлішік аралына су шығу фактісі байқалады. Бұл жыл сайын болатын құбылыс. Ертіс өзенінен Бейбітшілік аралы арқылы су осылай жыл сайын ағып өтеді. Одан айтарлықтай қауіп жоқ. Алаңдайтындай қауіп жоқ.