Абай облысында 211 млн теңге мақсатсыз жұмсалған

  • 9
  • 23.04.2026, 21:35

Не төрт түлік, не мүлік жоқ. Абай облысында мал шаруашылығын дамытуға деп рәсімделген несие мақсатсыз жұмсалған.

Қаржылық мониторинг агенттігі «Агробизнес» жобасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Ресми дерекке сай, өңірдегі шаруа қожалығының басшысы жалған құжаттарды пайдаланып, 250 млн теңгеден асатын екі несие алған. Алайда қаражатты жеке мақсатқа жұмсаған. Құжаттарда кепіл ретінде көрсетілген мүлік пен мал іс жүзінде сатып алынбаған.  

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

 - Мемлекетке келтірілген залал 211 млн теңгені құрады.Тергеу барысында күдікті келтірілген залалды толық көлемде өтеді. Оған қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық сақтау туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.