Ақмола облысында орман өрті әуеден бақыланады

  • 7
  • 30.04.2026, 21:47

Ақмола облысында мемлекеттік орман қорын патрульдеу үшін шағын тікұшақтар қолданылады екен. Ол 300 метр биіктікке көтеріліп, жасыл желектің үстімен белгіленген бағыт бойынша қозғалады. Құтқарушылар көп ұзамай шартты түрдегі, яғни жаттығу үшін жасалған өртті анықтады. Осындай фактілер анықталса, жақын маңдағы бөлімшеге және қосымша күштерге хабар жіберіледі. Ал олар келгенге дейін жалынды тікұшақтағы құқарушылардың өздері сөндірудің амалын жасайды.

Николай Лесной, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Авиациялық бөлімше бастығы:

- Байқағаныңыздай, аумақ айқын көрінеді. Адам көзі 30–40 шақырым қашықтықтан түтінді анықтай алады. Өртті анықтаудың тиімділігі де осында. Яғни атмосферадағы әртүрлі құбылыстарды — тұманды немесе көтерілген түтінді ажыратуға болады. Біздің қосымша міндеттеріміздің бірі —орман патологиясын бақылау. Яғни ағаштардың түсінің өзгеруі, жапырақтардың сарғайып түсуі бәрін назарға аламыз. Бұл белгілер ағаштың ауырып жатқанын білдіреді.