Солтүстік Қазақстан облысында 200-ге жуық этномәдени бірлестік тіркелген. Олар қоғамдық қарым-қатынасты нығайтып, өзара келісім мен сенімді арттыруға зор үлес қосып келеді. Мереке күні Петропавлда «Бір шаңырақ астында» атты концерттік өтті. Басты алаңға жиналған жұртшылық достық мейрамын кең көлемде атап өтті. Әр ұлт пен ұлыс өзінің ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтап келе жатқан салт-дәстүрін паш етіп, құндылықтарын дәріптеді. Шара барысында ән мен жырдан шашу шашылып, көпшілік назарына қолөнершілер көрмесі ұсынылды.
Шыңғыс Құрбанов, облыстық Әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы:
-Мен өз атымнан Әзербайжан мәдениеті орталығы атынан шын жүректен Қазақстан халқының Бірлігі күнімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, бірлік, тірлік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстан гүлдене берсін. Бірлік күні құтты болсын!