«Шекарашы балақай» атты мультхикаяның тұсаукесері өтті

  • 5
  • 05.05.2026, 19:36

Отан қорғаушы күні қарсаңында «Шекарашы балақай» атты мультхикаяның тұсаукесері өтті. Бұл әскери тақырыптағы дебюттік анимациялық жоба. Туындыны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен Balapan телеарнасы бірлесе жасаған. Жоба жас ұрпаққа мемлекеттік шекараны күзету және қорғаудың маңыздылығын түсіндіреді. Олардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға, әскери қызметке деген құрметті арттыруға бағытталған. Қазіргі таңда Шекара қызметі жүйесінде 380 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. Оларда 5 мың 700-ден астам тәрбиеленуші білім алады.

Рахат Нұрғалиев, ҚР ҰҚК Шекара қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

-Ең алдымен бұл мультхикаяны әзірлеу барысында, жалпы шекара қызметі тарапынан тиісті шығармашылық топ құрылды. Сол шығармашылық топ құрылу негізінде шекараның тың тынысы, шекараның жалпы қасиеті, мәнісі – өсіп келе жатқан ұрпаққа түсіндіру. Бұл 1-1,5 жылдан астам жасап келе жатқан жұмыс.