Жеңіс күніне орай екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге 5 миллион теңгеден біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі. Көзі тірі майдангерлер қатары күн санап азайып барады. Қазір елімізде 57 ардагер тұрады. Олардың 14-і Алматы қаласында. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында 6 ардагерден қалған. Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында 4, Жамбыл мен Түркістан облыстарында 3, ал өзге аймақтардан тек бір ардагерден қалған.