Қазақстанда 140 мың мейірбике жұмыс істейді

  • 5
  • 12.05.2026, 19:50

Қазақстанда емделушілерге күтім жасау ісін жетілдіру мақсатында әлемдік стандарт енгізіледі. Ол үшін медицина қызметкерлері шет елдерде тәжірибеден өтуде. Бұл туралы бүгін халықаралық мейірбике күніне орай ұйымдастырылған республикалық конференция барысында айтылды. Елдегі медицина мекемелерінде 140 мың мейірбике жұмыс істейді.

Ләззат Ахмединова, ҚР ПІБ МО ауруханасының бас мейірбикесі:

- Әр емханада мейірбикесіз жұмыс болмайды. Өйткені науқастардың жазылып шығуына ең бірінші мейірбикелер көп әрекет етеді.