Қарағанды облысында құны 42,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт салынады. Үкімет жобаны мақұлдады. Тиісті инвестициялық келісім Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарағанды фармацевтикалық кешені арасында жасалған. Қаулыға Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойды. Бұл фармацевтикалық өндірісті локализациялауды тереңдетуге және жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды дамытуға бағытталған саладағы ең ірі инвестициялық бастамалардың біріне айналмақ.
Жоба аясында 74 дәрілік зат өндіру жоспарланып отыр. Мәселен, онкологиялық, аутоиммунды және орфандық ауруларды емдеуге арналған инновациялық препараттар шығарылмақ. Сонымен қатар зауытта иммунобиологиялық және жоғары технологиялық дәрілік өнімдер өндірісі жолға қойылады.