Павлодар облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында екі жаңа өрт сөндіру бекеті іске қосылды. Қос бекеттің бірі Мәмайыт Омаров ауылында ашылды. Онда бұған дейін өрт сөндіру бекеті болмаған.
Екібастұз ауылдық аймағындағы Шиқылдық ауылының тұрғындары да жаңа нысанның ашылғанына қуанышты. Жаңа бекеттерде еріктілердің тәулік бойы қызмет атқаруына барлық жағдай жасалған. Өрт-техникалық құралдары, байланыс жүйелері және арнайы қорғаныш киімдерімен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар заманауи цифрлық қауіпсіздік технологиялары енгізілген. Бұл еліміз бойынша ашылып жатқан 177-ші өрт сөндіру бекеті.
Болатхан Сүкірұлы, М.Омаров ауылдық округінің әкімі:
- Бізде осы округқа жеті елді мекен кіреді, облыс бойынша алғашқы рет осындай өрт сөндіру бекеті салынып жатыр. Бұл деген ауылдық жерлерде өрт сөндіруге өте қолайлы, өйткені қандай да бір өрт жағдайы, тілсіз жау болған кезде біз қаладан шақыратынбыз, күтіп отыратынбыз. Енді шұғыл, жедел әрекет жасайтын боламыз.
Әсет Сердалин, облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
- Өрт сөндіру автокөлігі табыс етілді. Болашақта бұл өрт сөндіру бекеті Шиқылдақ елді мекенінде және де басқа да жақын орналасқан елді мекендерінде адамдарды өрттен және де тағы басқа төтенше жағдайлардан қорғайды деп сенеміз.