Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бөлінген қаражаттың 3 млрд теңгесі қаланың электр желілерін реконструкциялауға бағытталады. Ал 2,8 млрд теңге ұзындығы 8,3 шақырым жылу магистралін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға жұмсалады. Былтыр қаланың жылу желілерін жөндеуге 914 млн теңге бөлініп, 1,6 шақырым желі жаңартылған.
Ержан Ертаев, ҚР Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы:
-Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыру аясында ұзындығы 8,3 шақырым жылу магистралін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға жұмсалады. Бұл қаладағы жылу желілерінің тозу деңгейін 25 пайызға төмендетуге көмектеседі.