ШҚО-да сел жүру қаупі күшейді

  • 10
  • 15.06.2026, 19:39

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары сел жүру қаупін бақылау үшін таулы аймақтарды апта сайын әуеден барлап жүр. Әсіресе шың басындағы мұздықтардың еруінен пайда болатын көлдер басты назарда. «Себебі мореналық көлдер арнасынан асып бір-біріне қосылса, жолындағысын жайпап өтеді», - дейді мамандар. Өлкеде мұндай 144 мореналық су көзі түзілген. Олар негізінен 11 елді мекенге қауіп төндіреді. Ал сел жүруі мүмкін деген 9 учаске анықталған. Облыс бойынша табиғи апаттың алдын алу мақсатында 10 гидробекет жұмыс істеп тұр. Олар қыркүйек айына дейін су деңгейіндегі өзгеріс жайлы мәлімет жинақтайды.

Амангелді Еңсегенов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

-Қазіргі таңда көлдердің жағдайы тұрақты. Ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Мұздың ашылуы байқалды. Громотуха бассейіні бойында орналасқан осы мореналық көлдерге әрдайым бақылау жүргізілді. Біздің Қазселден қорғау мекемесінің қызметкерлері және ТЖД қызметкерлері бұл жағдайды тиісті бақылауда ұстауда.