Еліміздің халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдары бойында заманауи сервис стансалары салынады. Бұл мақсатқа 180 миллиард теңгеге жуық қаржы тартылмақ. Үкімет тиісті жобаны мақұлдады. Жалпы 2030 жылға дейін жол бойындағы қазіргі бар демалыс алаңдарында 250 станса тұрғызылмақ. Оның 50-ін биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңа нысандарда үй-жай, сауда және қызмет көрсету орындары, электрлі көліктерге арналған қуаттау стансалары, күн энергиясын өндіретін қондырғылар болады. Жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бүгінгі күні елімізде халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1428 қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді.
Жамбыл Бақтияр, ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:-Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Үкіметі тиісті қаулыға сәйкес Көлік министрлігімен «Car Park Transformer» ЖШС инвестиция туралы келісімге қол қойды. Келісімнің жалпы ұзақтағы 25 жыл. Бірінші үш жыл кезеңінде 50 салу жоспарланып отыр. 2034 жылға дейін 200-ін салу жоспарланып отыр.