Қарағандыдада кәсіби мерекеге орай полиция қызметкері марапатталды. Салтанатты шара Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Академияда өтті. Бірқатар тәртіп сақшысы кезектен тыс полковник атағын алды.
Сонымен бірге құқық қорғау қызметкерлеріне «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі мен грамота, алғысхаттар табысталды. Мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шарада жас жеткіншектер арасында өткен сурет конкурсы да қорытындыланды.
Бақтияр Смагұлов, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының м.а:
- Қазақстан полициясына 24 жыл толып отыр. Осы елеулі мерекеге байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сапабекұлы Сәденовтың бұйрығымен біздің бірталай қызметкерлеріміз марапатталып отыр. Бұл құқық қорғау органдарында қызмет атқарып жатқан біздің қызметкерлерге деген үлкен мәртебе.