Жаңа Конституция – ел дамуының кепілі

  • 34
  • 03.07.2026, 19:38

Қызылордалықтар халықтық Конституция еліміздің экономикалық және мәдени-рухани дамуына серпін беретініне сенімді.

Маңызды құжаттың құндылығы – адам құқығы мен оның мүлтіксіз қорғалуы екенін айтады. Әсіресе қазіргі заман талабына сай азаматтардың жеке деректері мен цифрлық құқықтарының заң жүзінде қорғалуын жоғары бағаланды. Сондай-ақ жас ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері құжатта сапалы білім беру мен отандық ғылымды дамытуға басымдық берілгенін ерекше атап өтті. 

Сауалнама:

- Тарихи және ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, адам құқықтарының үстемдігін қамтамасыз ету, ғылыми әлеуетімізді нығайту және мәдени дамуды басты құндылық ретінде бағалау арқылы біз жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Жеке адамның құқықтары Конституцияның бірінші бабынан бастап соңғы бабына дейін толық қамтылған. Бұл – Ата Заңымыздың басты ерекшеліктерінің бірі деп ойлаймын.

- Қуантарлығы – Конституцияда азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғауға ерекше мән берілген. Бүгінде әрбір азаматтың несиелік деректері, жеке мәліметтері және басқа да электрондық ақпараттары бар. Осы деректердің құқықтық тұрғыдан қорғалуы Конституцияда нақты көзделген. Бұл – азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызды қадам.

- Бұл Конституция қағаз жүзінде ғана қалып қоймай, іс жүзінде толық жүзеге асса, еліміздің жаңа деңгейде дамуына зор серпін береді деп сенеміз. Біз, жас ғалымдар, осыған үлкен үміт артамыз.