8 шілде – Әскери медицина күні

  • 9
  • 08.07.2026, 19:55

Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери медицина күні. 1992 жылы 8 шілдеде Қарулы Күштер Бас штабының Әскери-медициналық басқармасы құрылды. Бүгінде оның құрамына сегіз әскери госпиталь, төрт лазарет, Орталық әскери-дәрігерлік комиссия, санитариялық-эпидемиологиялық бөлімшелер және медициналық білім беру ұйымдары кіреді. Әскери медицина инфрақұрылымын жаңартуға мән беріліп келеді. Астана мен Алматыда әскери госпитальдар жаңғыртылып жатыр. Семейде әскери госпитальді жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар Ақтау қаласында әскери теңізшілерге арналған госпиталь мен Алматыда Әскери медицина академиясын құру жоспарда бар.

Берік Ілиясов, ҚР ҚК БӘМБ басқармасының бастығы:

- Соңғы жылдары Қорғаныс министрлігі басшылығының қолдауымен көптеген күрделі жөндеу жұмыстары, одан да бөлек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, былтыр 8 модульдық медициналық бөлімше салынып іске қосылды.