Ақтау тұрғынынан 100 грамға жуық мефедрон тәркіленді

  • 9
  • 14.07.2026, 19:37

Ақтау тұрғыны синтетикалық есірткі саудасымен айналысты деген күдікке ілінді. Оны тінту кезінде 100 грамға жуық мефедрон тәркіленген. Күдікті «Қарасора–2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қолға түсті. Полицияның мәліметінше, ұсталған сәтте ол есірткіге елітіп алған екен.

Досқан Ерсұлтан,  полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

- Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы шамамен 100 грамм болатын мефедрон есірткі заты екені анықталды. Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мән-жайләр анықталуда.