«Біздің партияда әртіс, шоумендер жоқ». Орталық сайлау комиссиясына кандидаттар тізімін бекіткен «Ақ жол» партиясының төрағасы осылай деді.
Дания Еспаева Құрылтайдағы орыннан үміткерлер саны 63 адам екенін жеткізді. Соның 21-і мәслихаттардан іріктелген. Жалпы әйелдер, жастар және мүгедек жандар бойынша да 30 пайыздық квота сақталғаны айтылды. Әзірге алдағы саяси науқанды бақылауға халықаралық ұйымдар мен шетелдерден 76 байқаушы тіркелген.
Дания Еспаева, «Ақ жол» партиясының төрағасы:
- Біздің тізімді қарасаңыз, бірде шақырылған адамдар, әртістер, шоумендер жоқ. Нағыз баяғыдан келе жатқан партияның өзінің өкілдері. Тағы бір ерекшелігі – 21 мәслихат депутатын қостық.