Елордада жыл басынан бері 3 мың адам қоқыс тастағаны үшін жазаланды

  • 10
  • 17.07.2026, 19:46

Елорданың Сарайшық ауданында жыл басынан бері үш мыңнан астам адам қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ балық аулау, суға шомылу ережелерін бұзғандар да бар. Заңсыздықтың алдын алу үшін прокуратура мен полиция басқармасы және әкімдік өкілдері рейд жұмыстарын жүргізуге кірісті. Олар демалыс орындарын аралап, тұрғындарға тиісті ережені түсіндіреді. Қаладағы саябақтардың бірінде жұртшылықпен жүздесіп, өрт қауіпсіздігі, суға шомылу кезіндегі ережелер туралы мағлұмат берді. 

Шұғыла Құдайберген, Астана қаласы Сарайшық ауданы әкімінің орынбасары: 

- «Заң және тәртіп» қағидасы аясында және жалпы экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоғамдық орындарда профилактикалық рейдтар өтуде. Бұл рейдтердің басты мақсаты не? Қоғамдық орындарда қоқысты тастамау, шомылуға болмайтын жерлерде шомылуға тыйым салу, балық аулауға болмайтын жерлерді балық аулауды, сонымен қатар заңсыз сауда орындарын шектеу.