Кәсіпорындарда өндіріс процесін автоматтандыратын жүйелер, цифрлық мониторинг құралдары және жасанды интеллект элементтеріне негізделген технологиялар енгізіліп, өндірісті басқарудың тиімділігі артып келеді. Сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстары да цифрлық форматқа көшірілді.
Гүлзира Ыбыраева, Ұлттық технологиялық болжау орталығының ғылыми қызметкері:
- Заманауи технологиялар өндірісті қауіпсіз және тиімді етеді. Олар жаңа жұмыс орындарын құруға, қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруға, инвестицияларды тартуға, сондай-ақ шығарындыларды азайтуға, қалдықтарды азайтуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға көп мүмкіндігін беріп тұр.