Қостанай облысында заңсыз құм өндірген кәсіпкер заң алдында жауап береді.
Тергеу мәліметінше, күдікті басқаратын серіктестік жұмысшылары Тобыл өзені жағасынан құм өндірумен айналысқан. Қазу жұмыстары нәтижесінде өзен арнасы өзгеріп, жағалау сызығы бұзылғаны белгілі болды. Сондай-ақ рұқсатсыз өндірілген өнімнің басқа кәсіпорындарға сатылғаны әшкереленді. Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 12 автокөлік, 10 жер учаскесін пайдалануға тыйым салынды.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Ғарыштық түсірілімдердің деректеріне сәйкес, су қоры жерлерінің бүлінген аумағы 28 мың шаршы метрден асқан. Табиғи кешенді қалпына келтіру үшін жағалауды бекіту, өзен арнасын тазарту және бүлінген жерлерді рекультивациялау жұмыстары қажет. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.