Астанада алғаш рет ұшатын көлік көкке көтерілді. Аэротаксиді құрастырып шығарған компания өкілдері оны сынақтан өткізіп, елордалықтарға таныстырды. Әуе көлігі 300 метр биіктікке дейін көтеріліп, сағатына 200 шақырым жылдамдықта жүйткиді. Ішіне 5 адам сияды. Яғни 500 келіге дейінгі ауыр салмақты оңай көтереді. Аэротакси болашақта көлік кептелісін азайтып, туристік орындарға жылдам жетуге мүмкіндік береді. Тіпті қала арасына қатынайды. Оны шамамен 2029 жылға қарай қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Дастан Зайнолла, компания өкілі:
-Қалалық әуе мобильділігі дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыс. Яғни Алатауда жасадық, енді Астанада өткізіп жатырмыз. Электрлі болғандықтан климатқа экологиялық жағынан өте тиімді. Және қала ішінде ұшуға мүмкіндік береді. Ұшу мерзімін 2028 жылдың соңы мен 2029 жыл басына қарай жоспарлап отырмыз.