Қостанайда «Ауыл» партиясы еңбек ұжымдарымен кездесті

  • 5
  • 30.07.2026, 19:39

Қостанайда «Ауыл» партиясының өкілдері «Қазпошта» ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Облыста 400-ге жуық елді мекенге қызмет көрсететін мекемеде бүгінде мыңға жуық адам еңбек етеді.

Жиын барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстырды. Мәскеу және Александров ауылдарының тұрғындарымен де жүздесіп, инфрақұрылымды жетілдіру, кадр тапшылығы сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді. Ал Астанадағы жиында әйелдердің саясаттағы рөлін талқылады. Қатысушылар әйелдерді қолдау, отбасы институтын нығайту жөніндегі пікір алмасты. 

Қарақат Әбден, «Ауыл» партиясынан құрылтай депутаттығына кандидат:

- Бүгінгі жиында ауыл әйелдеріне, ауыл қыз-келіншектеріне қалай көмектесеміз деген сұрақ. Оның ішінде мына ауылдан шыққан қыздарымызға магистратураны төлемақысыз оқыту, тегін оқыту, әлі де шешілмеген әйел ауылдарының зейнетке шығу уақытын азайту, сол сұрақты тағы да біз көтереміз.