БҚО-дағы 6200 гектар жер мемлекетке қайтарылды

  • 7
  • 03.08.2026, 19:45

Сырым ауданында ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан аумақты прокурорлар анықтаған. Жер телімдерінің кадастрлық құны 75 миллион теңгеден асады. Жалпы жыл басынан бері өңірде 17 мың гектардан асатын 99 жер учаскесі мемлекет меншігіне алынған. Оның ішінде коммерциялық және ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер бар. 

Әсел Батырқызы, БҚО прокурорының көмекшісі:

-Прокуратураның қадағалау актілері негізінде аталған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып, жергілікті атқарушы органдардың жауапты лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің жалпы кадастрлық құны 1,2 млрд теңгені құрады.