c
Талғат Кенжебаев, Жетісу ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:
-Жұмыстар 60 пайызға біткен болып саналады. Қазіргі таңда балалар алаңдарын жасау, спорт алаңдарын жасау және де жоба бойынша бізде екі футбол, волейбол және скейт-площадкалар жасалынады. Жобаны толық аяқтау қазан айының соңына дейін жоспарлануда.
Ал Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170 шақырымға жуық. 40 жыл бұрын қолданысқа берілген арна Бартоғай су қоймасынан бастау алады. Қазір Жетісу ауданы арқылы өтетін аумақ абанттандырылып жатыр. Жөндеу жұмыстары былтыр жазда басталған. Содан бері 18 мың шаршы метріне жасыл желек егіліпті. Тұрғындар серуендеу үшін жаяу жүргінші жолдары жасалды.
Сергей Житинев, жоба жетекшісі:
- Парк аумағында полиция бекеті, қоғамдық дәретхана және медициналық пункт болады. Сондай-ақ бейнебақылау жүйесі орнатылады. Негізгі жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына қарай аяқталады. Бұл жер тұрғындардың сүйікті орнына айналады деп ойлаймыз.
Қаладағы қоғамдық орындарды өркениетке сай өзгерту тек орталықта жүріп жатқан жоқ. Шеткері аудандарда да қолайлы жағдай жасалып жатыр. Тұрғындар күзде екі жобаның да игілігін көреді.
Ернұр Рысбай, Радик Жакупов