«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Павлодардағы азық-түлік өнімдерін өндіретін компанияның еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорында 600-ге жуық адам еңбек етеді.
Партия төрағасы Дания Еспаева сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бағыттарды таныстырды. Жиналғандармен отандық өндіріс және кәсіпкерлікті дамыту, еңбек адамдарының мүддесін қорғау және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жайы талқыланды. Жұмысшылар толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Берік Дүйсенбинов, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Жалақының осы бағаға ілесе алмауы – халықты толғандырып отырған мәселенің бірі. Оның үстіне кәсіпкерлерді толғандырып отырғаны – салықтың орынсыз көтерілуі. «Осындай кәсіпорындардың тағдырына әсер ететін өзгерістер бізбен ақылдасып шешілсе», - дейді.