Елордада жаңа мектеп салынып жатыр

  • 7
  • 14.08.2026, 19:30

Үкімет әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Астанада қайтарылған активтер есебінен Нұра ауданында 1 мың 200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады. Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге Астанада заманауи мектеп салуға бағытталды. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Білім ордасы келер жылы пайдалануға беріледі. Бұл ауданда 4 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Жаңа ғимарат жүктемені азайтады.

Жалпы Үкімет 500-ден астам әлеуметтік жобаға 610 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Нәтижесінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту қолға алынды. Білім беру саласында құны 64,4 млрд теңге болатын 17 жоба мақұлданған.