Елде Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді.
Алматы облысының Жібек жолы ауылында 658 млн теңгеге 200 орындық Мәдениет үйі салынды. Мұнда ұлттық өнер үйірмелері, «Шежіре» ақындар орталығы жұмысын бастады. Ал Жамбыл облысының Нұрлыкент ауылында спорт кешені қолданысқа берілді. Нысанда әмбебап зал және заманауи спорттық құрал-жабдықтар бар. Биыл өңірде тағы 12 ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарланған.
Алматыда «Кітап оқитын ұлт» жобасы шеңберінде кітап беру пункттері ашыла бастады.