«Ауыл» партиясы Ақмола облысында шаруалармен тілдесті

  • 6
  • 18.08.2026, 19:39

«Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары Ақмола облысының Сандықтау ауданына барды. Олар Приозерное ауылындағы ірі қара мал өсіріп, егін егумен айналысатын шаруашылық ұжымымен жүздесті. 

Кездесуде ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту, мал шаруашылығын дамыту және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар партия өкілдері халықты толғандырған сұрақтарға да жауап берді.

Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Халықтың әлеуметтік мәселелері қазір өте көп. Көптеген ауылдарда мектептер жабылып қалып жатыр. Оның себебі неде? Адамдар көшіп кетіп, бала саны жеткіліксіз болған соң, мектептер де жабылуға мәжбүр. Бұл – халықты алаңдатып, толғандыратын мәселелердің бірі.