Құрылтай сайлауын 777 шетелдік байқаушы бақылайды

  • 5
  • 18.08.2026, 19:35

Олар 42 шет мемлекет пен 13 халықаралық ұйымның өкілдері. Сондай-ақ байқаушылар қатарында 41 елдің парламенттерінен 138 депутат бар.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Аккредиттеуге өтінім қабылдау жұмыстары жуырда аяқталды. Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 18 шет мемлекет пен 5 халықаралық ұйымнан 121 байқаушының кандидатурасы аккредиттеуге ұсынылған.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Халықаралық байқаушылардың қатысуы сайлау науқанының ашықтығы мен жариялылығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуы ықпал ететігнін тағы да атап өткім келеді және бұл біздің халықаралық міндеттемелерді ұстануымыздың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар және шет мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып келе жатқанымыздың дәлелі.

Брайль қарпімен дауыс береді

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Брайль қарпі бар дауыс беру бюллетеньдерін таныстырды. Олар 23 тамызда барлық сайлау учаскелерінде қолжетімді болады. Трафареттің мазмұны дауыс беруге арналған бюллетеньге толығымен сәйкес келеді және екі тілде әзірленген.

Брайль қарпінің бедерлі-нүктелі таңбалары баспа мәтінімен салыстырғанда көбірек орын алатындықтан, трафарет екі жақты етіп жасалған. Осылайша мүгедектігі бар адамдардың өз бетінше дауыс беруіне жағдай жасалған