Алматы индустриялық аймағында «Байтақ» партиясының үгіт тобы өнеркәсіп қызметкеткерлерімен кездесті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, қаланың экологиялық мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, ауаның сапасын жақсарту, қаланы көгалдандыру, қалдықтарды тиімді басқару және өнеркәсіптік аумақтардың экологиялық қауіпсіздігі сөз болды. Кездесуде қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Алма Қараш, «Байтақ» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Кәсіпорындарды да, қарапайым тұрғындарды да бірдей мәселелер алаңдатады. Солардың бірі инфрақұрылым, яғни қолайлы жағдай мәселесі толғандырады. Бұл мәселе қазір шешіліп жатыр. Сондықтан бизнеспен тығыз жұмыс істеу қажет.