2027 жылдың аяғына дейін 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. Бүгінде 12 елді мекенге талшықты-оптикалық желі тартылып, тағы 340 ауыл спутниктікке қосылды. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде былтыр 362 ауыл ғаламтормен қамтылған. Сонымен қатар, 20 қалада 5G базалық станса орнатылды. Ал 4 мыңға жуық ауыл кезең-кезеңімен 4G желісіне көшіріледі. Бұдан бөлек, Әзербайжан-Қазақстан бағыты бойынша Каспий теңізінің түбімен суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары басталды. Ал, «Батыс-Шығыс» гипермагистралінің құрылысы 58 пайызға аяқталға.
Әуесхан Оспанов, ҚР ҰЭМ департамент директоры:
- 2027 жылдың соңына дейін 1,2 млн адамды және 5,8 мың мемлекеттік нысанды қамти отырып, 3 мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің қолдауымен 83,9 млрд теңге көлемінде 1123 ауылдағы 2,3 млн адамды интернетпен қамту үшін соңғы тұтынушы субсидиялау жобасы жүзеге асырылуда.