Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның алтауы – ер адам, төртеуі – әйел. Басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Аталған өңірде ерекше есімді төрт адам бар. Алматы қаласында екі азамат тіркелген. Ал Абай, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының әрқайсысында «Құрылтай» атты бір-бір адамнан бар.
Жас ерекшеліктеріне келсек, 10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Ең үлкені – 80 жаста. Қалғандары 30 бен 64 жас аралығында азаматтар.