ҚХП Шымкентте экологиялық акция өткізді

  • 91
  • 21.08.2026, 19:37

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаланың солтүстік-шығыс қақпасы қоқыстан тазартылды. Игі бастамаға Қазақстан Халық партиясының өкілдері мен ардагерлері біркісідей атсалысты.

Қатысушылар жол жиегіне шашылған қалдықтарды жинап, айналаны ретке келтірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыруға септігін тигізеді.

Ботагөз Мамытбекова, ҚХП Шымкент қалалық филиалы төрағасының кеңесшісі:

- Өзімнің отбасымды, көршілерімді де шақырдым. Қаланың әрбір мүшесі осы тазалықты сақтауға, экологиялық жағдайды жақсартуға міндетті деп ойлаймын.