Құрылтай сайлауы: Халықаралық бақылаушылар не дейді?

  • 9
  • 23.08.2026, 17:05

Сайлау учаскелерінде халықаралық бақылаушылар да қызу жұмыс істеуде.

Халықаралық Парламентарий Конгерісінің бас хатшысы Аяз Ситара өзі болған учаскелердегі сайлау барысына баға берді. Сондай-ақ ол Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылданып, кең көлемді саяси және жалпы мемлекеттік реформаларға жол ашылуын жетіскке балап, жылы лебізін білдірді. «Бірпалаталы парламенттік жүйеге көшу - заң шығаруда ғана емес, саяси демократиялық мәдениетті ілгерілету бағытында жасалған батыл қадам», - деп есептейді. 

Ситара Аяз, Халықаралық Парламентарий Конгресінің бас хатшысы:

- Таңертеңмен медициналық колледж бен балабақшада орын тепкен екі учаскеге бардым. Жалпы алғанда барлығы қалыпты. Сайлаушылар ың-шыңсыз келіп, таңдауларын жасап жатты. Әсіресе балабақшада адам көп болды. Мені мүмкіндігі шектеулі жандар мен учаскеге келе алмайтындар үшін арнайы жасақталған мобильді топтар таңғалдырды. Жалпы дауыс беруді ұйымдастыру деңгейіне көңілім толады.