Құрғақшылыққа қарамастан Ақмола облысында 5,5 млн тонна бидай бастырылды

  • 4
  • 18.09.2026, 18:37

Өңірлерде егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгінге дейін дән себілген алқаптың 72,5% өнім алынды. 

Әр гектарынан орта есеппен 14,2 центнерден жиналып, 16,2 млн  тонна астық бастырылды. Бұдан өзге, 1,4 млн тонна майлы дақыл, 2,7 млн тонна көкөніс, 2 млн тонна шамасында бақша дақылдары мен картоп алынды. Мамандардың айтуынша, қазірдің өзінде жиналған өнім ішкі азық-түлік нарығының қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті болып тұр.

Ақмола облысында егін орағы аяқталуға жақын. Диқандар астықтың 80% астамын қамбаға құйды. Бұл 5, 5 млн тонна бидайға тең, «Биыл өңірдегі құрғақшылыққа қарамастан егін бітік шықты»,-дейді мамандар.