Қазір егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Жалпы, биыл 24 млн гектардан аса алқапқа егін егілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 597 мың гектарға артық. Диқандарға жеңілдетілген бағамен 400 мың тоннадан астам дизель жеткізілді. Бір литрдің құны 281 теңге. Сондай-ақ науқанға 2 млн 300 мың тонна тұқым қоры жасақталды. Қазір егіннің 83 пайызы жиналды. 13 жарым миллион гектар алқаптың астығы орылып, орташа түсім гектарынан 14,7 центнерден айналып отыр. Бүгінге дейін 20 миллион тоннаға жуық астық бастырылды.