Үкімет Президент Жолдауында жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында еліміздің көлік жүйесін дамытуға басымдық беріп отыр. Автомобиль, теміржол, авиация және теңіз инфрақұрылымын жаңғырту жобалары қарқынды іске асырылуда.
Мәселен, биыл жаңадан салынған, қайта жаңартылған және жөнделген жол 11 мың шақырымнан асты. Өткен үш жылда 19 мың 100 шақырым болатын автомобиль жолы салынған еді. Қазір 2029 жылға дейін нормативтік талаптарға сай келетін республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100 пайызға дейін жақындату көзделіп отыр.
Жалпы 2023 - 2025 жылдары ел бойынша 19 мың 100 шақырым жол салынды. Бұдан өзге, қазір 800 шақырым теміржолдың құрылысы жүріп жатыр. Қолданыстағы 2,6 мың шақырым теміржол жаңартылады. Жыл соңына дейін Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймағындағы жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталмақ. Бұл бағытта жолаушылар мен жүк тасымалын жеделдету үшін цифрландыру ісі қатар жүргізілуде.