Қақтығыс аумағындағы қазақстандықтар: СІМ мәлімдеме жасады

  • 1
  • 08.10.2026, 18:33

Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аумағынан 14 қазақ азаматы Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жеткізіледі,- деген ақпараттың шындыққа сай келмейтінін ресми мәлімдеді. Бұл туралы әлеуметтік желіде расталмаған мәлімет тараған еді. Жалған ақпарат жақындарынан хабар күтіп отырған отбасыларын негізсіз үміттендіріп, министрлік жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан тексерілмеген мәліметтерді таратуға жол берілмеуі тиіс. Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігі Ресейге қақтығыс аумағындағы қазақстандықтарға қатысты нота жолдады. Оларды елге қайтару үшін екінші тараппен түрлі деңгейде келіссөз жүргізіліп жатыр. Құзырлы министрліктің мәлімдеуінше, бұл мәселе тұрақты бақылауда. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады.