Ұлытаулық шаруалар қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын аяқтады. Шамамен 560 мың тонна шөп шабылып, мың екі жүз тонна құнарландырылған жем әзірленді. Салаға жауапты мамандар «бұл қыстан қысылмай шығуға жеткілікті» дейді. Жалпы, өңірде шабындық жер аз. Сондықтан, шөптің 20-30 пайызы көршілес облыстардан сатып алынады.
Өңір табиғаты құрғақ, шөлейтті болғандықтан шабындық аз. Шамамен 60 мың гектар. Бұл ауылшаруашылығы мақсатындағы жердің небары 1 пайызы. Дегенмен, мамандар пішен дайындау бойынша биылғы жоспарды толық орындадық дейді
Әділер Жақсылық, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Қазіргі таңда 558 мың тонна шөп дайындалды. Ол жоспарға сәйкес 99,2 пайызға орындалды. Қысқа дайынбыз деп есептейміз өзімізді.
Облыста 280 мың қой-ешкі мен 160 мың ірі-қара бар. Шабындықтың аздығынан шаруалар соңғы жылдары қыста тебіндеп жайылатын жылқынв көбейтті. Солардың бірі – Қорғанбай ауылының тұрғыны Бағдат Есенбаев. Жылқыдан басқа, оншақты сиыр ұстайды. Оның өзіне 1 млн теңгеден астам ақшаға азық сатып алғ
Бағдат Есенбаев, шаруа:
- Мына жерде Арқай деген жер бар еді. Суы бар, ағып жатқан бұлақ. Қасында шөп шығатын. Бұрындары біз 15-20 прицеп шөп алатынбыз. Қазір 1 прицеп те шықпайды. Шөпті сатып аламыз. Басы 1200 ден басталады, 1500-ге дейін. Сосын жем аламыз. Қабы 2500 мыңға дейін жетті.
Қорғанбайдан бөлек, Жезқазғанға жақын тұрған Талап ауылының шаруалары да соңғы жылдары пішен оруды қойған. Кезінде тонналап шөп шапқан шабындықтар құрғап қалған. Жазиралы дала Жаңаарқаның өзінде биыл шөптің шығымыа.
- Шөптің шығымы Ұлытау ауданында жаман емес. Бірақ, Жаңаарқа ауданында биыл былтырғыдан аздау боп тұр. Оның алдын алу үшін біз көршілес өңірлерден шөп тасу жұмыстарын жүргізіп жатырқ. Қызылорда облысынан 1500 тонна жоңышқа алынды. 30 мың тонна Қарағанды облысынан жемшөп алынды.
Құрғақ климат пен қуаңшылыққа байланысты өңірде соңғы жылдары суармалы егісті ұлғайту қолға алынды. Қазір оның көлемі шамамен 2 мың гектар. 2029 жылға дейін 10 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр.
Авторы: Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев.