Бүгін ұлы ағартушы, жазушы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай Қостанайда танымды, тағылымды жиын өтті. Оған ұлт ұстазының мұрасын зерттеуші ғалымдар, педагогтар, Ресейден келген қазақ диаспоросының өкілдері қатысты. Әңгіме тақырыбына қазақ даласында зайырлы мектеп білімінің негізін қалаған ұлы тұлғаның мұрасы, гуманистік идеялары арқау болды. Және ол бүгінгі күнге дейін өзектілігін сақтап, жаңа ұрпақ үшін рухани бағдар болып қала беретіндігі айтылды.
Алмасбек Әбсадық, филология ғылымдарының докторы:
-Биыл өзгеше форматта өтіп жатыр. Көрші Ресейден қандастарымыз шақырылған екен. Бұл біздің екі ел арасындағы қарым-қатынасты бекітуге, сонымен қатар Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын Ресейлік қандастарымызға да таратуға үлкен зор мүмкіндік ашады ғой деп ойлаймын.