Республика күні Республика күні

«Таза Қазақстан»: қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт ашылады

  • 1
  • 21.10.2026, 18:49

Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған ауқымды жобаның құны – 10 млрд 300 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 2028 жылы аяқталуы тиіс.

Нәтижесінде облыс орталығының индустриялық аймағында 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарататын өндіріс орны жылына 42 мың тонна дайын өнім шығаруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде қоқыс полигонына тасталатын қалдық мөлшерін азайтып, макулатураны экономикалық айналымға қайта енгізуге болады.

 Диас Жұмағазыұлы, ЖШС бас инженері:

-150 тонна тәулігіне, жылына 50 мың тонна макулатура жиналу негізделген. Зауыттың толық қуатына енгізілгеннен кейін жылына 42 мың тонна картон және қағаз бұйымдары шығарылады.