Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына еліміз бойынша 1 миллион 400 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, сыни ойлау дағдысын дамытуға арналған марафонға Түркістан облысынан 73 мыңға жуық оқырман тіркелді. Түркістандықтар бұл жоба қоғамның зияткерлік әлеуетін көтеріп, жастардың рухани дүниесін байытуға бағытталған маңызды бастама екенін айтады. «Жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамға да тигізер пайдасы мен әсері орасан зор»,-дейді.