Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Кендірліде әуежай құрылысы 60% аяқталды

  • 5
  • 29.10.2026, 18:56

Маңғыстау облысындағы Кендірлі курорттық аймағында салынып жатқан заманауи әуежай құрылысы 60 пайыз аяқталды. Каспий жағалауында бой көтеріп жатқан әуе айлағының ұшу-қону жолағын салу жұмыстары 85 пайыз орындалды. Биыл іске қосу жоспарланған Кендірлі әуежайы сағатына 150 жолаушыға дейін қабылдай алады. Әуежай аумағы – 599 гектар. Заманауи әуе айлағы Қарақия ауданында, теңіз жағалауынан 13 шақырым, ал Жаңаөзен қаласынан 65 шақырым жерде орналасқан. Бастапқыда жаңа әуежайға жолаушы тасымалдайтын шағын ұшақтар қонса, кейін үлкен әуе кемелерін де қабылдайды. Енді өңірлерден Кендірлі курорттық аймағына тіке әуе бағыты және халықаралық бағытта Әзербайжан, Өзбекстан мен Ресейден ұшақ қатынайды.

Алина Тұрақбаева, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы:

-Бірінші кезеңде сыртқы инженерлік желілері, яғни су желілері, электр желілері, байланыс желілері. Екінші кезекте әуежайдың жолдары. Үшінші кезекте әуежайдың мұнарасы, яғни вышка және метеожабдықтар. Төртінші кезекте барлық әуежайдың ғимараттары. Қазіргі таңда осы төрт  кезеңде де қарқынды жұмыстар жүріп жатыр.